date

Таяу Шығыстағы соғыс мұнай нарығын дүр сілкіндірді

Таяу Шығыстағы соғыс мұнай нарығын дүр сілкіндірді

Бахрейннің ең ірі энергетикалық компаниясы саналатын Bahrain Petroleum Company 9 наурызда форс-мажорлық жағдайға байланысты мұнай өнімдерінің экспортын уақытша тоқтатты. Бұған Әл-Мамир ауданындағы мұнай өңдеу зауытында болған ірі өрт себеп болды. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда зауыт аумағынан көтерілген қара түтін бағаналарын көруге болады. Компанияның ресми мәлімдемесінде бұл оқиға аймақтағы жалғасып жатқан әскери қақтығыстар мен инфрақұрылымға жасалған шабуылдармен байланысты екені атап өтілген. Қазіргі уақытта зауыт ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, ал келтірілген шығын көлемін мамандар анықтап жатыр.

Жергілікті билік өртке Иран тарапынан жасалған кезекті зымыран соққылары себеп болғанын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада QatarEnergy компаниясы да өз өндірістік нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты осындай шара қолдануға мәжбүр болған еді. Қатардың энергетика министрлігі егер АҚШ пен Израиль Иранмен соғысты тоқтатпаса, Парсы шығанағы елдері мұнай экспортын толығымен тоқтатуы мүмкін екенін ескертті.

Аймақтағы жағдай 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері басталғаннан кейін шиеленісе түсті. Иран бұған жауап ретінде аймақтағы америкалық әскери базалар мен маңызды энергетикалық нысандарға дрон және зымырандармен соққы беруде. Сондай-ақ, Иран әлемдегі мұнай тасымалдаудың негізгі жолы саналатын Ормуз бұғазын жауып тастады. Осы факторлардың әсерінен әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт көтеріліп, 9 наурызда Азия биржаларында бір баррель мұнайдың құны 120 долларға жақындады. Бұл 2022 жылдан бері байқалмаған рекордтық көрсеткіш.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Таяу Шығыстағы соғыс мұнай нарығын дүр сілкіндірді