date

Қырғызстанда Рамазан айттың күні жарияланды

Қырғызстанда Рамазан айттың күні жарияланды

Қырғызстанда 2026 жылғы Рамазан айт мерекесі 20 наурыз күні атап өтілетіні жарияланды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары басқармасы ресми түрде хабарлады.

Айтылғандай, бұл шешім Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің мүфтилері қатысқан пәтуа шығару жөніндегі жиында қабылданған.

Аталған Пәтуа кеңесінің құрамына ТМҰ-ға мүше мемлекеттер — Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, сондай-ақ ТМҰ бақылаушы мемлекеттері Түрікменстан мен Венгрияның ресми мұсылман діни басқармаларының өкілдері кіреді.

Еске салсақ, ақпан айында Самарқанд қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Мұсылман діни басқармалары басшылары кеңесінің Пәтуа кеңесінің жиынында 2026 жылы Рамазан айының алғашқы күні 19 ақпан, бейсенбі күніне, ал Рамазан айт 20 наурыз, жұма күніне сәйкес келетіні белгіленген еді.

Сондай-ақ 2026 жылғы 2–4 ақпан күндері Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы елдері Мұсылман діни басқармалары басшылары кеңесі жанындағы Пәтуа кеңесінің кеңес отырысы өткендігі айтылды. Өзбекстан мұсылмандары басқармасының жетекшілігімен ұйымдастырылған шараға ұйымға мүше елдердің діни басқармаларының өкілдері және ислам ғалымдары қатысты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қырғызстанда Рамазан айттың күні жарияланды