date

Таяу Шығыстағы соғыс Ресейдің мұнай табысын арттырды

Таяу Шығыстағы соғыс Ресейдің мұнай табысын арттырды

Financial Times басылымының хабарлауынша, Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Ресей мұнай саудасынан қосымша үлкен табыс тауып жатыр.

Басылым мәліметінше, жағдайдың шиеленісуінен кейін Ресей күн сайын шамамен 150 миллион доллар қосымша мұнай табысына ие болуда. Бұл жағдайға энергия нарығындағы тұрақсыздық пен жеткізудегі қауіп-қатерлер себеп болып отырғаны айтылады.

Соғыстың алғашқы 12 күнінде Ресейдің мемлекеттік бюджетіне қосымша 1,3 миллиардтан 1,9 миллиард долларға дейін қаражат түсті.

Сондай-ақ Ресей мұнайына сұраныстың күтпеген деңгейде артып келе жатқаны айтылды. Нарықтағы мұнай бағасы орташа есеппен барреліне 70-80 доллар деңгейінде сақталса, наурыз айында Ресей бюджетіне түсетін қосымша кіріс 3,3 миллиардтан 4,9 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Таяу Шығыстағы соғыс Ресейдің мұнай табысын арттырды