date

Перуде ені 63 сантиметр болатын ең тар үй салынды

Перуде ені 63 сантиметр болатын ең тар үй салынды

Перудің солтүстігінде, Уарал провинциясы, Аукаляма ауданында ені небәрі 63 сантиметр болатын, бірақ толық функционалды әлемдегі ең тар үй салынды. Бұл туралы “Oddity Central” басылымы хабарлады.

Айтылғандай, бұл тұрғын үй жергілікті тұрғын Фабио Морено тарапынан жобаланып, салынған. Сыртынан қарағанда ол көше арт-инсталляциясын көбірек еске түсіргенімен, үйдің ішінде заманауи өмірге қажетті барлық жағдайлар бар: жуыну бөлмесі, ас үй, асхана, дәліз, жатын бөлме, жұмыс бөлмесі, кір жуу бөлмесі және екі қабатты байланыстыратын екі баспалдақ бар.

Бұл ерекше үй Аукаляманың орталық алаңының қарсысында орналасқан, және кез келген адам барып көре алады. Алайда кеңістік өте тар болғандықтан, бір уақытта екі немесе одан көп адамның ішін аралап көруі іс жүзінде мүмкін емес.

Мореноның айтуынша, мұндай құрылысты салудың басты мақсаты – бақыт үйдің көлеміне емес, қолда бар кеңістікті қаншалықты тиімді пайдалануға байланысты екенін көрсету. Үйдің ерекше пішіні мен ашық түстері қазірдің өзінде мыңдаған туристерді тартуда. Жақын арада ол танымал туристік орынға айналады деп күтілуде.

Морено «әлемдегі ең тар үй» атағы үшін Гиннестің рекордтар кітабына өтініш беріп қойған, алайда рекордты растау үдерісі біраз уақыт алуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Перуде ені 63 сантиметр болатын ең тар үй салынды