Иранға қатысы бар хакерлер ФҚҚ басшысының поштасын бұзды

Иранмен байланысы бар Handala хакерлік тобы АҚШ Федералды іздестіру бюросының басшысы Кеш Пательге тиесілі электрондық пошта тіркелгісін бұзғаны туралы хабар тарады.
Мәліметтерге қарағанда, хакерлер поштаға заңсыз кіруге қол жеткізіп қана қоймай, ондағы кейбір жеке мәліметтерді де иемденген. Атап айтқанда, олар ФҚБ басшысына тиесілі бірқатар жеке суреттерді интернетте жариялаған.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл кибершабуылдың артында Иранмен байланысты Хандала тобы тұрғаны болжанып отыр. Әзірге ресми органдар жағдайға толық түсініктеме берген жоқ.
Бақылаушылардың пікірінше, мұндай шабуылдар халықаралық киберқауіпсіздік мәселелерін одан әрі өзекті етіп, мемлекеттер арасындағы цифрлық қақтығыстарды күшейтуі мүмкін. Сондай-ақ, жоғары лауазымды тұлғалардың жеке мәліметтерін қорғау мәселесі тағы да күн тәртібіне шығып отыр.
