Қытай жаңа дронды таныстырды (видео)

Қытай технология саласындағы кезекті жетістігін көрсетті. Елде жаңа буынға тиесілі, ауыр жүк көтеруге арналған тікұшақ типіндегі дрон көпшілік назарына ұсынылды.
Мамандардың айтуынша, бұл ұшқышсыз аппарат 600 келіге дейінгі жүкті еркін тасымалдай алады. Бұл оның логистикадағы және арнайы операциядағы маңыздылығын арттырады.
Жаңа дрон, негізінен, жету қиын аймақтарда пайдалану үшін жасалған. Атап айтқанда, таулы аймақтарда, табиғи апаттар орын алған аумақтарда және соғыс жағдайында жүк жеткізуде тиімді шешім ретінде қарастырылуда.
Мамандардың айтуынша, мұндай технологиялар болашақта тек әскери салада ғана емес, құтқару және гуманитарлық операцияларда да кеңінен қолданылуы мүмкін. Жаңа дрон адам өміріне қауіпті аймақтарда сенімді және жедел көмек құралына айналады деп күтілуде.