date

Эйфель мұнарасының баспалдағы аукционға шығарылады

Эйфель мұнарасының баспалдағы аукционға шығарылады

Франция астанасы Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасына қатысты тағы бір қызықты жаңалық жарияланды. Аңызға айналған ғимараттың түпнұсқа баспалдағына тиесілі сирек кездесетін сынық жақын күндері аукционға қойылады деп жоспарлануда. Бұл туралы The New York Times" хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, сатылымға шығарылатын бұл фрагмент бұрын қонақтарға мұнараның екінші қабатынан үшінші қабатына көтерілуге мүмкіндік беретін айналмалы баспалдақтың бір бөлігі болған. Тарихи деректерге сүйенсек, 1983 жылы бұл конструкция демонтаждалып, барлығы 24 бөлікке бөлінген. Оның 20-сы әртүрлі аукциондар арқылы өз иелерін тапқан.

Ал қазір сатылымға шығарылып жатқан бұл бөлік қалған соңғы фрагмент ретінде ерекше назарға ие болуда. Бұған дейін, атап айтқанда, 2016 жылы баспалдақтың ұқсас бөлігі рекордтық бағаға - 611 мың долларға сатылғаны да бұл лотқа деген қызығушылықты арттыра түседі.

Аукционды ұйымдастырған Artcurial сауда үйі бұл жолы да жаңа рекорд орнатылады деп үміттенеді. Сарапшылардың бағалауынша, лоттың бастапқы бағасы 146 мыңнан 176 мың долларға дейін болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл тарихи жәдігер осы уақытқа дейін 1983 жылы сатып алған француз кәсіпкерінің иелігінде сақталған.

Айта кетейік, Эйфель мұнарасын 1889 жылы өткен Дүниежүзілік көрме үшін инженер Гюстав Эйфель жобалап, қысқа мерзімде әлемнің ең танымал символдарының біріне айналды. Бүгінде ол тек Францияның ғана емес, бүкіл әлемнің ең танымал көрікті жерлерінің бірі болып саналады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Эйфель мұнарасының баспалдағы аукционға шығарылады