Иран Ормуз бұғазын ашу туралы шешімінен бас тартқанын мәлімдеді

Тегеран Ормуз бұғазы бойынша бұған дейін жарияланған ашылу шешімінен бас тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы ақпаратты Иран Қарулы күштерінің Бас штабы растап, "Фарс" агенттігі таратты.
Мәліметтерге сәйкес, бұл шешімге АҚШ-тың Иран порттарына қатысты жалғасып жатқан қысымы мен блокада шаралары себеп болған.
Иран парламентінің төрағасы Мұхаммед Бакир Галибаф бұған дейін әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде егер порттардың айналасындағы тұтқындау саясаты тоқтатылмаса, Ормуз бұғазын ашу мәселесі қайта қаралатынын айтқан болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін "Тасним" агенттігі Иранның белгілі бір шарттармен стратегиялық маңызы бар бұл су жолын ашқанын хабарлаған болатын.
Ал қазіргі шешім аймақтағы шиеленіс аясында бұғаз айналасындағы жағдайдың тағы да шиеленіскенін көрсетеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!