date

14 жасар оқушы үйінде нағыз ұшақ қозғалтқышын жасап шығарды

14 жасар оқушы үйінде нағыз ұшақ қозғалтқышын жасап шығарды

Қытайда болашағынан зор үміт күттіретін жас өнертапқыш жұртшылық назарына ілікті. 14 жасар жасөспірім үй жағдайында нағыз авиациялық қозғалтқышты өз бетінше құрастырып шықты. Бұл туралы «Oddity Central» басылымы хабарлады.

Мәлім болғандай, Че Цзиньганның авиацияға деген қызығушылығы өте ерте — балабақша кезінде-ақ басталған. Ол алғашында қағаздан ұшақ жасаумен айналысса, уақыт өте келе бұл әуестігі күрделі ғылыми ізденіске айналған.

Ата-анасының айтуынша, жасөспірім күн сайын бірнеше сағат бойы аэродинамика, инженерлік іс және басқа да салалық ғылымдар бойынша кітаптар оқыған. Тіпті бастауыш сыныптардың өзінде-ақ ол күрделі тақырыптарды — математикалық талдау, жобалау және арнайы бағдарламалармен жұмыс істеуді меңгере бастаған.

Кейінірек Че өз білімін іс жүзінде сынап көруге шешім қабылдап, жеке реактивті қозғалтқыш жасауды мақсат етті. Ол дайын сызбаларды пайдаланбай, барлық жұмысты нөлден бастаған: бөлшектерді өзі әзірлеп, 2D және 3D модельдерін жасаған, ауа ағыны, температура мен қысым сияқты көрсеткіштерді дәл есептеп шыққан.

Жасөспірім жұмыс барысын әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялап отырды, бұл арқылы қалың аудиторияның назарын аударды. Көптеген пайдаланушылар оған кеңес беріп, кейбіреулері бөлшектерді 3D-принтерде басып шығаруға көмек ұсынған.

Қозғалтқыштың алғашқы нұсқасын жасауға шамамен 8 ай уақыт кеткен. Жобаға жұмсалған материалдардың құны 8-9 мың юаньды немесе шамамен 1 100–1 200 АҚШ долларын құрады. Ата-анасы баласының бұл ісіне байыппен қарап, оған жан-жақты қолдау көрсеткен.

Алайда алғашқы сынақ сәтсіз аяқталды — бұған конструкция мен жанармай жүйесіндегі кейбір кемшіліктер себеп болған. Соған қарамастан, жас өнертапқыш берілген жоқ. Ол қазіргі уақытта қозғалтқыштың одан әрі жетілдірілген нұсқасын жасаумен айналысуда.

Че Цзиньганның айтуынша, сәтсіздік — бұл білім алу процесінің ажырамас бөлігі, ол адамды бұрынғыдан да күшті болуға және мақсатқа ұмтылуға жігерлендіреді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » 14 жасар оқушы үйінде нағыз ұшақ қозғалтқышын жасап шығарды