date

Стамбулда жер астынан ең ірі жасырын қару қоймасы табылды

Стамбулда жер астынан ең ірі жасырын қару қоймасы табылды

Түркияның Стамбул қаласында ауқымды құпия қару қоймасы әшкереленді. Хабарланғандай, бұл жасырын орын Пендик ауданындағы жер асты су резервуары аумағынан табылған. Бұл туралы Hürriyet басылымы мәлім етті.

Мәліметтерге сәйкес, қойманың орналасқан жері Стамбул полициясы жүргізген арнайы бақылау шаралары кезінде, атап айтқанда, дрондар көмегімен қылмыскерлердің әрекетін қадағалау арқылы анықталған. Осыдан кейін аумақта жедел тінту жүргізілді.

Тінту барысында қару өндірісінде қолданылатын мыңдаған қосалқы бөлшектер тәркіленді. Соның ішінде 3 092 дана тапанша бөлшектері, 1 869 дана бекітпе механизмдері және тағы да басқа көптеген қару компоненттері табылды. Мамандар бұл бөлшектер заңсыз қару құрастыруға арналған деп болжап отыр.

Өткізілген операция барысында аталған әрекетке қатысы бар 4 күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта олардың үстінен тергеу амалдары жүргізілуде.

Ресми өкілдердің айтуынша, бұл олжа Түркия аумағында осындай рейдтер аясында бір мезетте анықталған ең ірі жасырын қару қоймаларының бірі болып саналады. Оқиға елдегі заңсыз қару айналымына қарсы күрестің одан әрі күшейтіліп жатқанын көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Стамбулда жер астынан ең ірі жасырын қару қоймасы табылды