Чарльз III Трампқа тарихи қоңырауды сыйға тартты

Ұлыбритания королі Чарльз III АҚШ-қа ресми сапары барысында Президент Дональд Трампқа ерекше әрі тарихи сыйлық тарту етті. Бұл туралы «C-Span» хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, король Ақ үй басшысына Британия әскери-теңіз флотына тиесілі сүңгуір қайықтың қоңырауын сыйлаған. Бұл бұйым 1944 жылы қызметке кіріскен HMS Trump сүңгуір қайығынан алынған және тарихи маңыздылығымен ерекшеленеді.
Сыйлық НАТО және AUKUS әскери одақтарындағы АҚШ пен Ұлыбритания ынтымақтастығы туралы әңгімеден кейін табыс етілді. Чарльз III бұл сыйлықты «екі мемлекет арасындағы ортақ тарих пен берік одақтың символы» деп сипаттады.
Король өз сөзінде Трампқа қарата былай деді:
«Сізге жеке сыйлық ретінде аттас кеменің түпнұсқа қоңырауын ұсынамын. Ол елдеріміздің ортақ тарихы мен болашақтағы ынтымақтастығының куәсі болсын».
Сондай-ақ, Чарльз III әзіл араластырып, егер Трампқа Ұлыбританиямен байланысу қажет болса, «жай ғана қоңырау шалу» (қоңырау соғу) жеткілікті екенін айтып, ишара жасады. Ағылшын тіліндегі «ring» сөзінің екі мағынасы — қоңырау соғу және телефон шалу — бұл әзілге негіз болған.
Бұл сыйлық халықаралық қатынастарда символдық мәнге ие болып, екі мемлекет арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталғаны атап өтілуде.
