date

Трамп Оңтүстік Кореяны Ормуз бұғазындағы миссияға қосылуға шақырды

Трамп Оңтүстік Кореяны Ормуз бұғазындағы миссияға қосылуға шақырды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореяны Ормуз бұғазындағы әскери миссияға қосылуға шақырды. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Трамптың сөзіне қарағанда, Иран күштері жанжалға тікелей қатысы жоқ мемлекеттерге тиесілі кемелерге от ашты. Зардап шеккендер арасында кемінде бір Оңтүстік Корея сауда кемесі бар деп хабарланды.

АҚШ президенті қалыптасқан жағдай Оңтүстік Кореяның миссияға қосылу қажеттілігін көрсетіп отырғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ күштері жеті жылдам қайықты жойды. Сонымен бірге басқа кемелерге елеулі зиян тимегені атап өтілді. Трамп жақын күндерде бұл мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасалатынын да хабарлады. Атап айтқанда, АҚШ қорғаныс министрі мен әскери басшылардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілуі жоспарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп Оңтүстік Кореяны Ормуз бұғазындағы миссияға қосылуға шақырды