date

Пәкістандағы терактіде 15 полиция қызметкері қаза тапты

Пәкістандағы терактіде 15 полиция қызметкері қаза тапты
Фото: Yandex

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жасалған қанды шабуыл елдегі қауіпсіздік жағдайын одан әрі шиеленістірді. Құрбандар саны бойынша бұл оқиға соңғы кездегі ең ауыр терактілердің бірі ретінде бағалануда.

Dawn басылымы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып, шабуыл Банну ауданындағы полиция бекетіне қарсы жасалғанын хабарлады. Террористер жарылғыш заттар тиелген көлікті бекетке бағыттап, қуатты жарылыс тудырды. Жарылыстан кейін шабуылдаушылар бірнеше жақтан оқ жаудырып, жағдайды одан сайын ушықтырды.

Аймақтық полиция өкілі Саджад Ханның мәлімдеуінше, шабуыл кезінде бекетте барлығы 18 полиция қызметкері кезекшілікте болған. Салдарынан кемінде 15 адам қаза тауып, қалғандары әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Қуатты жарылыстың салдарынан полиция бекеті толығымен дерлік қирады. Сондай-ақ бекет аумағындағы броньды техника жойылып, маңайдағы ғимараттарға елеулі зақым келді.

Билік өкілдері құтқару жұмыстарының аяқталғанын және қазіргі таңда аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлады. Қосымша бақылау бекеттері орнатылып, жағдай толық бақылауға алынды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Пәкістандағы терактіде 15 полиция қызметкері қаза тапты