date

Artemis II жаңа сырды ашты: Ай шын мәнінде қандай түсті

Artemis II жаңа сырды ашты: Ай шын мәнінде қандай түсті

NASA-ның Artemis II миссиясы Ай туралы түсініктерге жаңа сұрақтар туғызды. Ғалымдар арасындағы басты дау Айдың шынайы түсінің қандай екеніне байланысты болып отыр. Бұл туралы Space.com хабарлады.

Миссия барысында Айдың көрінбейтін артқы жағы бақыланды. Жерге оралған астронавттар Айдың жай ғана сұр дене емес екенін, онда қоңыр және жасыл реңктердің де бар екенін айтты.

Әсіресе, Аристарх үстірті аумағында байқалған жасыл минералдар ғалымдардың қызығушылығын тудырды. Мамандар бұл заттар Айдың ішкі қабаттарындағы магма химиясы туралы маңызды ақпарат бере алатынын атап өтті.

Ғалымдардың пікірінше, астронавттардың ауызша бақылаулары роботтар жіберген суреттерден де құндырақ. Өйткені адам көзі Ай бетіндегі түс пен жарықтық айырмашылықтарын дәлірек ажырата алады.

NASA мамандары бұл «түрлі-түсті» бақылаулар Айдың геологиялық тарихы туралы қазіргі түсініктерді өзгертуі мүмкін екенін айтуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Artemis II жаңа сырды ашты: Ай шын мәнінде қандай түсті