date

Хаменеидің денсаулығы туралы жаңа ресми мәліметтер жарияланды

Хаменеидің денсаулығы туралы жаңа ресми мәліметтер жарияланды

АҚШ пен Израиль шабуылдары салдарынан жарақат алған Иранның жоғарғы басшысы Моджтаба Хаменеидің денсаулығы туралы жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы мемлекеттік IRNA ақпарат агенттігі хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Хусейн Керманпурдың айтуынша, Хаменеи алған жарақаттар оның сыртқы келбетіне айтарлықтай әсер етпеген.

«Жоғарғы басшының жарақаттары оның бетіне немесе сыртқы келбетіне зақым келтіретіндей ауыр емес еді», — деді Керманпур.

Ол сондай-ақ батыстық БАҚ-та тараған түрлі қауесеттерге қатысты пікір білдіріп, жарақаттардың мүгедектікке немесе мүше кесуге әкелмегенін атап өтті.

Иран жоғарғы басшысы кеңсесінің хаттама қызметінің басшысы Мазахер Хусейни де Моджтаба Хаменеидің жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл кезінде басшы бел мен тізе тұсынан жарақат алған, сондай-ақ құлағының артында тілінген жара болған.

Ақпаратқа сәйкес, АҚШ пен Израильдің 28 ақпанда Иран аумағына жасаған әуе шабуылдары кезінде сол кездегі жоғарғы басшы Аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Одан кейін оның ұлы Моджтаба Хаменеи 9 наурызға қараған түні Иранның жаңа жоғарғы басшысы болып сайланған еді.

Алайда ол әзірге көпшілік алдына шыққан жоқ. Оның мәлімдемелері негізінен теледидар арқылы оқылды немесе жазбаша түрде таратылды. 30 сәуірде Иран президенті Масуд Пезешкианның Хаменеимен алғаш рет кездескені хабарланған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Хаменеидің денсаулығы туралы жаңа ресми мәліметтер жарияланды