Конгода Эбола бойынша 906 күдікті жағдай тіркелді

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырды деген 906 күдікті жағдай тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, олардың 223-і өліммен аяқталды және қазіргі таңда зерттелуде.
ДДСҰ елде Эбола вирусының Бундибугио штамы таралып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, Угандада да жекелеген жағдайлар анықталғаны айтылуда.
Ұйымның мәлімдеуінше, бұл штамға қарсы әзірге мақұлданған вакцина немесе арнайы емдеу әдісі жоқ. Сол себепті мамандар жағдайды қатаң бақылауға алу қажеттігін баса айтуда.




















Пікірлер 0
…