date

Прокурорлар рэпер P.Diddi үшін 11 жыл сұрады

Прокурорлар рэпер P.Diddi үшін 11 жыл сұрады

Reuters хабарлағандай, федералдық прокурорлар әйгілі рэпер P.Diddi’ні (Шон Комбс) 11 жылға бас бостандығынан айыруды және 500 мың доллар айыппұл салуды соттан талап етті.

Сот құжаттарында айыптау тарабы Дидди үшін «кемінде 135 айлық түрме жазасы» сұрағаны көрсетілген. Оған қатысты соңғы үкім 3 қазан, жұма күні Нью-Йоркте жариялануы күтілуде.

Сонымен қатар, P.Diddi-нің адвокаттары рэперге әлдеқайда жеңіл жаза тағайындалуын сұрап, оны 14 айдан аспайтын мерзімге қамауды өтінген. Олар сондай-ақ сотқа дейін өткізген бір жылдық қамау мерзімін жалпы жазаға қосу қажет екенін атап өткен.

Еске сала кетейік, шілде айының басында қазылар алқасы Дидди-ні әйелдерді жезөкшелікке тарту үшін тасымалдау айыбымен кінәлі деп таныған болатын. Алайда ол қылмыстық топ құру және жыныстық саудаға қатысты ауыр айыптардан ақталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Прокурорлар рэпер P.Diddi үшін 11 жыл сұрады

Ең көп оқылғандар Мәдениет жаңалықтары