date

Дженнифер Лопес: Аффлекпен ажырасу — өмірімдегі ең дұрыс шешім

Дженнифер Лопес: Аффлекпен ажырасу — өмірімдегі ең дұрыс шешім

Дженнифер Лопес Бен Аффлекпен ажырасуын «өмірдегі ең жақсы оқиға» деп атады. Әнші әрі актриса 2024 жылдың көктемінде ресми түрде ажырасқанын мойындады.

Ол CBS News Sunday арнасына берген сұхбатында жеке өміріндегі қиындықтардың «Өрмекші әйелдің сүйісі» фильміндегі жұмысына да әсер еткенін айтты. Бұл фильмде Аффлек пен оның жақын досы Мэтт Деймон атқарушы продюсер ретінде қатысқан еді. Лопес: «Бұл күндер әрі ең жақсы, әрі ең ауыр сәттер болды. Рөлді сомдағанда өзімді бақытты сезінетінмін, бірақ үйге оралғанда ол сезім жоғалып кететін. Тек “Мұның бәрін қалай еңсеремін?” деп ойлайтынмын», — деді.

Өнер иесі барлық қиындықтар оны күшейткенін айтып, қазір өзін еркін әрі бақытты сезінетінін жеткізді. «Шындығын айтсам, бұл менің басыма түскен ең жақсы оқиға болды. Өйткені ол мені өзгертті, өсуіме және өзімді тануыма көмектесті. Қазір өзімді былтырғыдан мүлде басқа адаммын деп санаймын», — деді ол.

2025 жылдың жазы Лопес үшін жалғыз өткізген алғашқы маусым болды. Ол бұл кезеңді өмірінің жаңа белесі деп атады: «Мен өмірден көбірек ләззат ала бастадым. Қуаныш — бұл өмір сүру, әр сәттен рахат табу және өмірдің берген барлық нәрсесін — жеңістерін де, сабақтарын да — шын жүректен қабылдау. Қиын кездер де сабақ, мен мұны енді ғана толық түсіндім».

Бен Аффлек те қарым-қатынастың аяқталуы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, ажырасуға ешқандай жанжал немесе қақтығыс себеп болмаған. «Көпшілік ажырасу үшін ерекше себеп іздейді. Бірақ шындық әлдеқайда қарапайым: қарым-қатынаста адамдар әрқашан бір көзқараста бола бермейді. Мен табиғатымнан сақпын, қарым-қатынаста да солай болды», — деді актер.

Айта кетейік, Лопес 2024 жылдың жазында ресми түрде ажырасуға өтініш берген. Қызығы, құжаттар 20 тамызда тапсырылған — дәл екі жыл бұрын олардың үйлену тойы өткен күн. Сот құжаттарында ажырасудың ресми күні 2024 жылдың 26 сәуірі деп көрсетілген.

Ажырасқаннан кейін Лопес бұрынғы күйеуінен материалдық көмек алудан бас тартып, соттан да осындай шешім шығаруды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, жұп 2002 жылы танысып, тіпті құда түскен, бірақ той кейінге қалдырылып, 2004 жылы ажырасқан. Олар 2021 жылы қайта қосылып, 2022 жылдың сәуірінде құда түскендерін жариялап, шілдеде шаңырақ көтерген.

Бұл Лопес үшін төртінші, Аффлек үшін екінші некесі болды. Әншінің Марк Энтониден бір ұлы мен бір қызы, ал актердің Дженнифер Гарнерден үш баласы бар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Дженнифер Лопес: Аффлекпен ажырасу — өмірімдегі ең дұрыс шешім

Ең көп оқылғандар Мәдениет жаңалықтары