Америкалық рэпер және продюсер P. Diddy (шын аты Шон Комбс) түрмеде өзі ұйымдастырған «Diddy-ден өмір сабақтары» атты жеке даму курсын іске қосты. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.
Жоба аясында рэпер тұтқындарға бизнес жүргізу, позитивті ойлау, жеңілісті қабылдау, жеке эмоцияларды бақылау және мақсат қойып, оған жету жөнінде кеңестер береді. Сондай-ақ бәсекеде алда болудың құпияларын да үйрететіні айтылған.
Алты апталық курс лекциялармен қатар практикалық тапсырмаларды да қамтиды. Құжаттарда «Бағдарлама Шон “Diddy” Комбстың өміріне жақын көзқарас ұсынады — қарапайым бастамадан әлемдік кәсіпкер және мәдениет символына айналғанға дейін» делінген.
Рэпердің адвокаттары Комбстың тұтқындарға көмектесу ниеті сотта жеңілдететін жағдай ретінде қаралуы керек екенін айтты. Олардың айтуынша, P. Diddy бұл курстарды «өміріндегі ең маңызды және әсерлі бастамалардың бірі» деп атаған.
Еске сала кетсек, шілде айының басында алқабилер соты P. Diddy ісі бойынша шешім шығарған еді. Ол әйелдерді жезөкшелікке тарту мақсатында тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, бірақ адам саудасы және қылмыстық ұйым құру жөніндегі ауыр айыптардан ақталған.
Адвокаттар судьядан оған 14 ай түрме жазасын беруді сұраса, федералдық прокурорлар Комбсты 11 жылға бас бостандығынан айыруды және 500 мың доллар айыппұл салуды талап еткен.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!