date

Түркияда танымал әртістер мен әншілер жаппай қамауға алынды

Түркияда танымал әртістер мен әншілер жаппай қамауға алынды

Түркия шоу-бизнесінде шулы оқиға болды. Елдегі бірқатар танымал әртістер мен актерлер есірткіні насихаттау және контрабанда ісі аясында қамауға алынды. Бұл туралы 8 октябрьде Halk TV телеарнасы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Ыстамбұл Бас прокуратурасының контрабанда, есірткі және экономикалық қылмыстар бойынша тергеу бөлімі бірқатар шоу-бизнес әлеміндегі танымал тұлғаларға қатысты арнайы операция жүргізген. Олардың арасында Хадисе, Дилан және Энгин Полат, Симге Сағын, Демет Евгар және Кубилай Ака сияқты жұлдыздар бар екені айтылған.

Телеарнаның хабарлауынша, қамауға алынғандардың тізімі тым ұзын. Олардың арасында бірқатар танымал есімдер бар: Бирсе Акалай, Бирсен Беррак Тузунатач, Жерен Морай Оржан, Дерен Талу, Дуйгу Озазлон Мутаф, Фейза Алтун, Ирем Дерижи, Қаан Йылдырым, Мерт Язиджиоглу, Метин Акдюльгер, Өзге Өзпиринччи, Зайнаб Мерич Арал Кескин және Зинет Сали.

Қазіргі уақытта олар Стамбул облысының жандарм басқармасына жеткізіліп, тергеу және қан анализі жүргізілуде.

Әнші Ирем Дерижидің адвокаты Айшагүл Мермер журналистерге түсініктеме беріп, әзірше істің мазмұны туралы ресми ақпарат берілмегенін айтты. "Біз тергеу үдерісіне аттандық. Барлық мәліметтер рәсімделгеннен кейін жұртшылыққа нақты ақпарат беріледі," - деді ол.

Сондай-ақ, Зинет Салидің адвокаты да өз клиенті туралы пікір білдіріп, "Зинет Сали қазір шетелде болғандықтан тергеуге қатыса алмады. Ол қайтып келгеннен кейін өз түсініктемесін береді. Ол өмірінде темекі де шекпеген және ешқандай қылмыстық топпен байланысы жоқ," - деп атап өтті.

Екінші жағынан, Sözcü басылымының хабарлауынша, қамауға алынғандар тізімінде аталған әнші Симге Сағынның адвокаты да мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, әнші бір аптадан бері АҚШ-та болған, қазір Түркияда емес.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың февраль айында түрік поп жұлдызы Сардор Ортач та заңсыз құмар ойындарды насихаттағаны үшін сот шешімімен 10 айға бас бостандығынан айырылып, 400 лира айыппұл төлеген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Түркияда танымал әртістер мен әншілер жаппай қамауға алынды