Мирзиёев жарлығымен марқұм өнер қайраткерлері марапатталды

Президент Шавкат Мирзиёевтің «Еліміздегі мәдениет, өнер және әдебиет салаларын дамытуға зор үлес қосқан бір топ марқұм өнер қайраткерлерін марапаттау туралы» жарлығы қабылданды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, төмендегі марқұм өнер қайраткерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды:
«Буюк хизматлари учун» («Зор еңбегі үшін») орденімен:
— Аббасов Шухрат Солихович — Өзбекстан халық әртісі, кинорежиссер
— Агзамов Гани — Өзбекстан халық әртісі, актер
— Якубов Адыл — Өзбекстан халық жазушысы
— Садриева Зайнаб — Өзбекстан халық әртісі, актриса
— Умаров Хамза — Өзбекстан халық әртісі, актер
— Юнусов Обиджан — Өзбекстан халық әртісі, актер
«Эл-юрт хурмати» («Ел-жұрт құрметі») орденімен:
— Хашимов Уткир — Өзбекстан халық жазушысы
«Фидокорона хизматлари учун» («Жанқиярлық еңбегі үшін») орденімен:
— Зуннунова Саида — Өзбекстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын және жазушы
— Хамидова Манзура — Өзбекстан халық әртісі, актриса
— Хатамов Орифхан — Өзбекстан халық хафизі
«Мехнат шухрати» («Еңбек даңқы») орденімен:
— Алиходжаев Ульмас — Өзбекстан халық әртісі, актер
— Болтаева Икрома — Өзбекстан халық әртісі, актриса
— Якубова Марьям — Өзбекстан халық әртісі, актриса
— Закиров Джамшид Каримович — Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, актер
— Нурматов Ходжиакбар — Өзбекстан халық әртісі, актер
— Отаханов Очилхан — Өзбекстан халық хафизі
— Рахматов Диас Нигматович — Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, актер
— Ризаева Юлдуз — Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, актриса
— Саиджанов Ульмас — Өзбекстан халық хафизі
— Таджиев Тулкин Джураевич — Өзбекстан халық әртісі, актер
«Дустлик» («Достық») орденімен:
— Гоипов Даврон — эстрада әншісі
— Мамадалиев Расулкари — әнші және сазгер
— Ртвеладзе Эдуард Васильевич — академик, археолог және өнертанушы ғалым
— Садуллаев Санджар Лутфуллаевич — дубляж актері