date

Ресейде Алла Пугачеваны зейнетақыдан айыру туралы ұсыныс айтылды

Ресейде Алла Пугачеваны зейнетақыдан айыру ұсынысы айтылды

Ресейде танымал әнші Алла Пугачеваның мемлекеттік зейнетақысын тоқтату мәселесі кеңінен талқылануда.

Бұл бастаманы “Халық шақыруы” қозғалысының жетекшісі Сергей Зайцев көтерді деп хабарлайды Upl.uz сайты.

Оның айтуынша, Пугачева Ресейден кетіп, ел мүддесіне қарсы шыққан тұлға ретінде мемлекеттік қаржылай көмекті алуға құқығы жоқ.

“Мен нық сенемін — Ресейді мойындамайтын әрі оған қарсы шығатын адамдар мемлекеттен ешқандай материалдық пайда алмауы керек. Олар сын айтып отырған ел не үшін оларды қамтамасыз етуі керек?”

— деді Зайцев.

Белгілі болғандай, 76 жастағы Пугачева шетелде тұрып жатқанына қарамастан, Ресейден зейнетақы алып келеді. Төлемдер оның банк картасына тұрақты түседі, ал Ресейдегі кейбір қаржылық мәселелер сенімді өкілдері арқылы шешіледі.

Ресей заңдарына сәйкес, азаматты зейнетақыдан айыру үшін не тұрғылықты жерін өзгерту, не “шетелдік агент” деп мойындалу, не қылмыс жасау негіз бола алмайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Ресейде Алла Пугачеваны зейнетақыдан айыру туралы ұсыныс айтылды