date

Сот блогер Аяз Шабутдиновты 7 жылға бас бостандығынан айырды

Сот блогер Аяз Шабутдиновты 7 жылға бас бостандығынан айырды

Мәскеуде сот бизнес-тренер Аяз Шабутдиновтың ісі бойынша үкім шығарды. Келесі жеті жылын блогер жалпы тәртіптегі колонияда өткізеді. Бұл туралы РБК хабарлайды.

Сондай-ақ ол бес миллион рубль көлемінде айыппұл төлеп, 113 алаяқтық эпизоды бойынша кінәлі деп танылды. Оның ісі бойынша келтірілген шығын 57 миллион рубльден асты.

Миллионер блогер және бизнес-тренер Аяз Шабутдинов 2023 жылдың 3 ноябрінде Мәскеуде ұсталып, тергеу изоляторына жіберілді. Тергеу нұсқасы бойынша, Шабутдинов пен оның серіктестері (соның ішінде "Like Center" компаниясы арқылы) сатып алушыларда "сәтті бизнес құру және артық табыс алу туралы жалған үміт" тудырған курстарды сатқан.

Іс барысында Шабутдинов басында кінәсін мойындамаса да, кейін жасаған қателігін мойындады. Ол өз сөзінде "сенімді қалпына келтіру үшін шын жүректен жұмыс істеуге дайынмын" деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол өзінің білім беру бағдарламаларына артығырақ үміт артқаны үшін бәрінен кешірім сұрады. Оның айтуынша, тергеу изоляторында болған кезде ол өз қателіктері туралы терең ойлануға мүмкіндік алған.

2024 жылдың февраль айында Шабутдиновке қатысты алаяқтық бойынша тағы жеті қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Сот блогер Аяз Шабутдиновты 7 жылға бас бостандығынан айырды