date

Маколей Калкин 35 жылдан кейін Кевин бейнесінде қайта көрінді.

Маколей Калкин 35 жылдан кейін Кевин бейнесінде қайта көрінді.

Голливуд жұлдызы Маколей Калкин әйгілі "Үйде жалғыз" фильміндегі Кевин Маккаллистердің рөлін қайта ойнады. Бұл жолы ол егде жастағы Кевин ретінде қарттарға күтім көрсету қызметін насихаттайтын жарнамалық бейнеге қатысты.

Актердің бұл әрекеті бүкіл интернетті дүр сілкіндірді - өйткені бұл образ оны 1990 жылдары әлемге танымал етті. Сол кездегі кішкентай Кевиннің үйді ұрылардан қорғаудағы әзіл қулығы мен тапқырлығы бүкіл ұрпақ үшін символға айналды.

Жаңа ролик комедияның 35 жылдығына орай түсірілген. Енді Кевин бала кезіндегідей кіршіксіз кейіпкер емес - ол анасына қамқорлық жасап, өскен мейірімді ұл ретінде көрінеді. Ол "Анам үшін қауіпсіздік жоспары" деп аталатын карта жасап, үйдегі кез келген ықтимал қауіп-қатерді нақты белгілейді.

Бір сахнада ол көпіршікті пленканы жинап, телефонмен былай дейді:

"Мен тек анамның жалғыздығына алаңдаймын. Егер ол құлап қалса немесе қар басып қалса ше?"

Роликте балалық шақтағы "қорқынышты қарт" Марли образы да жанама түрде оралады - бұл жолы оның немересі ретінде. Ол Кевинге анасымен шынайы сөйлесуге, сезімін жасырмауға кеңес береді.

Калкиннің бұл жарнамадағы көрінісі ностальгия ғана емес, сонымен қатар актердің жаңа кезеңдегі шығармашылық қайта тууы ретінде бағаланады. Өйткені ол соңғы жылдары экраннан аз көрінді.

Ақпаратқа қарағанда, актер жақында шығатын "Follaut" сериалының екінші маусымында мүлдем жаңа - антагонист бейнесінде көрінеді. Осылайша, ол балалық шағындағы батырлық бейнесінен мүлдем басқа бетпен оралуға дайындалуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Маколей Калкин 35 жылдан кейін Кевин бейнесінде қайта көрінді.