Шахзода Мухаммедова «Ібіс Прада кияді» фильміндегі Миранда Пристли бейнесінде (видео)

Дизайнер, актриса және жүргізуші Шахзода Мухаммедова бұл жолы сән әлемінің танымал тұлғаларының бірін өзіндік ерекше стильде сомдады. Ол Лорен Вайсбергердің «The Devil Wears Prada» («Ібіс Прада кияді») романы мен оның 2006 жылғы экрандық нұсқасындағы Миранда Пристли бейнесін сомдаған видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.
Дизайнер видеоның астына: «Сән, FASHION индустриясының патшайымы бейнесі дизайнер Шахзода Мухаммедованың орындауында!» деп жазба қалдырған.
Видеоны көрген көрермендер Шахзоданың рөлге ену шеберлігіне ерекше назар аударды. Пікірлерде оның Миранда Пристлиге тек сыртқы келбетімен ғана емес, сонымен қатар мимикасы мен өзін ұстауы жағынан да өте ұқсас екені атап өтілген.
Кейбір қолданушылар видеоны көріп, «The Devil Wears Prada» фильмін қайта тамашалағандай әсер алғандарын жазған. Миранда Пристли бейнесі түпнұсқа фильмде Мерил Стриптің орындауында танымал болып, сән әлемінің қуатты әрі талапшыл басшысы ретінде есте қалған.
Шахзода Мухаммедованың жаңа интерпретациясы көрермендер тарапынан жылы қабылданып, видео астына көптеген жағымды пікірлер жазылды.
Сіздіңше, Шахзода Мухаммедова Миранда Пристли бейнесін қаншалықты ұқсата алды? Пікіріңізді жазып қалдырыңыз!



















Пікірлер 0
…