date

Болливуд жұлдызы Катрина Каиф алғаш рет балалы болды

Болливуд жұлдызы Катрина Каиф алғаш рет балалы болды

Үнді киносының сүйікті жұлдызы, 42 жастағы Катрина Каиф алғаш рет ана атанды. Оның жұбайы, актер Вики Каушалмен болған жұбы 2025 жылдың 7 ноябрінде ұл балалы болды, деп жазады "India Today."

Катрина Кайф бұл қуанышты хабарды өзінің Instagram парақшасында жанкүйерлерімен бөлісті:

"Біздің бір бөлшегіміз, қуанышымыз дүниеге келді! Шексіз сүйіспеншілік пен ризашылықпен ұлымыздың дүниеге келгенін жариялаймыз. Катрина мен Вики," - деп жазды актриса.

Бұл хабарды Вики Каушалдың інісі Санни Каушал да растады. Ол өз парақшасында "Mayin chacha ban gaya" ("Мен ағай болдым") деп жазып, қуанышын жанкүйерлерімен бөлісті.

Катрина Кайфтың жүктілігі туралы қауесет бірнеше ай бұрын, қыркүйек айында пайда болған. Ерлі-зайыптылар бұл туралы үнсіз болса да, жанкүйерлер мұны актрисаның суреттері мен сұхбаттарынан бұрын байқаған.

Катрина Кайф - Болливудтың ең танымал және сүйікті актрисаларының бірі. Ол "Шпиондар," "Жылдамдық," "Ek Tha Tiger" фильмдеріндегі рөлдері арқылы бүкіл әлемге танымал. 2021 жылдың декабрь айында Вики Каушалмен Раджастан штатындағы дәстүрлі индуистік рәсім негізінде салтанатты неке қиылды.

Анықтама үшін, Катрина Кайф 1983 жылы Гонконгта үндістандық Мухаммед Кайф пен ағылшын ұлтынан шыққан Сюзанна Тюркотттың отбасында дүниеге келген. Ол киноға 2003 жылғы "Бум" фильмі арқылы кіріп, 14 жасында модельдік мансабын бастады.

Вики Каушал 1988 жылы Мумбайда дүниеге келген. Ол Раджив Ганди технологиялық институтын бітіріп, 2012 жылы "Вассейпур бандалары" фильмі арқылы экранға шықты.

Бір қызығы, Катрина Кайф Шахрух Ханмен бірге 2013 жылы Гиннестің рекордтар кітабына ең бай актриса ретінде енген. Оның жылдық табысы сол кезде шамамен 10 миллион АҚШ долларын құрады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Болливуд жұлдызы Катрина Каиф алғаш рет балалы болды