Бейонсе музыка және бизнес арқылы миллиардер болды

Америкалық әнші және продюсер Бейонсенің жалпы байлығы 1 миллиард долларға жетті. Осылайша, ол музыкамен ғана емес, бизнес жобаларымен де үлкен қаржылық табысқа жеткен әртістердің қатарынан орын алды.
Forbes мәліметінше, Бейонсенің жылжымайтын мүлік активтері мен инвестициялары оның жалпы капиталының өсуіне де маңызды рөл атқарды. Қазір ол музыка саласындағы миллиардерлер арасында бесінші орында тұр.
Оның алдында Джей-З, Тейлор Свифт, Рианна және Брюс Спрингстин тұр, олардың байлығы 1,1 миллиардтан 2,5 миллиард долларға дейін бағаланады. Мамандар Бейонсенің бұл деңгейге негізінен өз шығармашылығы мен жеке брендтері арқылы жеткенін ерекше атап өтуде.
Forbes мәліметінше, Бейонсенің қаржылық өсуіне 2023 жылы өткен The Renaissance концерті турнесі негізгі фактор болған. Бұл гастроль шамамен 600 миллион доллар табыс әкеліп, әншінің ең пайдалы туры ретінде тіркелді. Кейінірек Cowboy Carter альбомынан кейін ұйымдастырылған концерттер де жоғары кассалық алымдарды көрсетті.
Әншінің табысы тек музыкамен шектелмейді. 2024 жылы іске қосылған Cecred шаш күтімі бренді қысқа уақыт ішінде нарықта табысқа жетті. Сондай-ақ, Бейонсе премиум сегменттегі виски брендінің иесі. Бұған дейін Ivy Park киім брендін жүргізген әртіс оны 2024 жылы жапты.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!