date

Асқар Умархан Болливуд патшасының үйінде ме? Видео талқылауда (видео)

Асқар Умархан Болливуд патшасының үйінде ме? Видео талқылауда (видео)

Әнші Асқар Умархан кеше туған күнін әдеттен тыс түрде тойлағаны түсірілген видео-постты Instagram парақшасына жариялады. Бұл видео аз уақыт ішінде жанкүйерлердің назарын аударып, көпшілікті таң қалдырды.

Видеода Асқар Умархан қуанышын жасырмай былай дейді:

"Мен бүгін өте қуаныштымын. Бүгін менің туған күнім. Мен болливуд патшасы Амитабх Баччанның үйінде туған күнімді тойлап жатырмын."

Видеоның ең таңғаларлығы сол, онда Амитабх Баччанның жұбайы Джая Баччанның рөлінде өзіміздің танымал актрисамыз Саида Раметова көрінеді. Бұл тосын келбет пен сахна жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, түрлі талқылауларға себеп болды.

Бұл видео әлеуметтік желілерде тез тарап, Асқар Умарханның туған күнін ерекше және шығармашылықпен атап өтуі жанкүйерлер тарапынан оң бағаланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Асқар Умархан Болливуд патшасының үйінде ме? Видео талқылауда (видео)