date

Джим Керри Францияның құрметті "Цезарь" сыйлығын қабылдады

Джим Керри Францияның құрметті "Цезарь" сыйлығын қабылдады

Америкалық актер Джим Керри Францияның ұлттық кино жүлдесі - құрметті "Цезарьмен" марапатталды. Марапатты оған "Таза ақылдың мәңгілік шуағы" фильмінде бірге жұмыс істеген режиссер Мишель Гондри табыстады.

Керри алғыс сөзін француз тілінде айтқан. Оның айтуынша, атасының арғы атасы Марк-Франсуа Керри Францияның Сен-Мало портынан Канадаға қоныс аударған, ал өзі кейін Лос-Анджелеске жол тартқан.

"Мен білетін ең күлкілі адам - әкем Перси Джозеф Керриге рахмет. Ол маған махаббатты, жомарттықты және күлкіні бағалауды үйретті. Сәттілік сізге бұйырсын десеңіз, алдымен өзіңіз күліңіз. Бұл оңай емес, бірақ әрекет ету керек. Мен бұл сәтті өмір бойы есте сақтаймын. Мен оған үнемі күліп қараймын. Менің өмірім - жұмақ," - деді актер.

Бұрын құрметті "Цезарь" сыйлығы Джулия Робертс, Кристофер Нолан, Дэвид Финчер, Кейт Бланшетт, Роберт Редфорд, Пенелопа Крус, Джордж Клуни сияқты кино өнерінің өкілдеріне берілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Джим Керри Францияның құрметті "Цезарь" сыйлығын қабылдады