date

Америкалық актер Чак Норрис 86 жасында қайтыс болды

Америкалық актер Чак Норрис 86 жасында қайтыс болды

Америкалық актер және жекпе-жек шебері Чак Норрис 86 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы “Variety” оның туыстарына сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, актер кеше, 20 наурызда, отбасы ортасында қайтыс болды. Ресми түрде өлім себебі жарияланбаған. Шетелдік БАҚ бұл жағдай денсаулықтың кенеттен нашарлауымен байланысты болуы мүмкін деп хабарлайды.

Чак Норрис жауынгерлік фильмдер мен телесериалдар жұлдызы ретінде әлемге әйгілі болды. Оның ең танымал жұмыстарының қатарында Брюс Ли-пен түсірілген «Айдаһар жолы» фильмі және «Батыл Уокер: Техас Рейнджері» (Walker, Texas Ranger) сериалы бар.

Ол каратэ бойынша бірнеше рет чемпион болған, «Chun Kuk Do» атты жеке жауынгерлік өнер жүйесін құрған және көп жылдар бойы экшн жанрының ең танымал тұлғаларының бірі болып келді.

Соңғы жылдары актер белсенді өмір салтын жүргізген, жаттығулары туралы бөліскен және жұртшылыққа сирек көрінген. Сонымен қатар, ол интернеттегі «Чак Норрис фактілері» мемдерінің кейіпкері болып, «жеңілмейтін» кейіпкер бейнесін нығайтты.

Ақпарат үшін, Чак Норрис 1940 жылдың 10 наурызында АҚШ-та туған. Ол Әуе күштерінде қызмет еткен, содан кейін жауынгерлік өнер және кино саласында мансабын бастаған. 1980–1990 жылдары экшн фильмдер мен телесериалдардағы рөлдері арқылы ең үлкен танымалдыққа жеткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Америкалық актер Чак Норрис 86 жасында қайтыс болды