date

Өзбек киносының асқақ та жұмбақ жұлдызы Лола Элтоева туралы не білесіз

Өзбек киносының асқақ әрі жұмбақ жұлдызы Лола Элтоева туралы не білесіз

Өзбек киносының асқақ әрі жұмбақ жұлдызы Лола Элтоева туралы не білесіз?

Өзбекстандық кино, театр және дубляж актрисасы Лола Элтоева 1972 жылғы 4 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген. Отбасындағы тұңғыш перзент. Өнерден мүлдем алыс отбасында туып-өскен.

Тәуелсіздік жылдары түсірілген «Күні батпайтын өлке» (Quyoshi botmaydigan yurt) фильміндегі Малика рөлі арқылы көрермендердің ықыласына бөленген.

Шығармашылық жолында 60-тан астам спектакльде, 45-ке жуық фильмде рөл сомдаған. 200-дей фильм мен бірнеше телесериалды дыбыстаған. Қазіргі таңда Өзбек ұлттық академиялық драма театрында қызмет етеді.

Лола Элтоева «Өзбекстан Республикасына еңбек сіңірген әртіс» атағымен (2006), «Мәдениет және өнер фидоийысы» (Madaniyat va san’at fidokori) төсбелгісімен (2020), «Достық» (Do‘stlik) орденімен (2021) және «Өзбекстан Республикасының 30 жылдығы» мерекелік белгісімен (2021) марапатталған.

Актриса жеке өміріне қатысты мәліметтерді жария еткісі келмейді, оның сұхбаттарын табу да өте қиын. «Бұл жұмбақ болып көрінуге тырысу емес, жай ғана актер көңілдегісін рөлі арқылы көрерменге жеткізеді», — дейді актриса.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Өзбек киносының асқақ та жұмбақ жұлдызы Лола Элтоева туралы не білесіз