Шакираның концертінде Пикеге қарсы ұрандар айтылды

Шакираның Рио-де-Жанейро қаласында өткен тегін концерті үлкен шу тудырды. Шара барысында жиналған миллиондаған жанкүйер бұрынғы футболшы Жерар Пикеге қарсы балағат сөздер мен ұрандар айтты.
«Дзен» басылымының хабарлауынша, концертке шамамен екі миллионға жуық адам жиналған. Шакира сахнада өнер көрсетіп жатқан уақытта жеке өміріне қатысты мысқылды мәлімдеме де жасады.
Ол өз сөзінде Бразилияда жалғызбасты аналар көп екенін және олар отбасы үшін тынымсыз еңбек ететінін атап өтті. Әнші өзін де сондай әйелдердің қатарына жатқызды.
Осыдан кейін көрермендер арасындағы көңіл-күй күрт өзгеріп, Пикеге қатысты түрлі наразылық пен балағат сөздер естіле бастады.
Анықтама үшін, Шакира мен Пике арасындағы махаббат хикаясы 2010 жылы басталған. 2012 жылы ерлі-зайыптылардың тұңғышы Милан, ал екі жылдан кейін екінші ұлы Саша дүниеге келді.
Алайда, 2022 жылы әнші футболшыны опасыздық жасады деп айыптап, қарым-қатынасты үзді. Ажырасқаннан алты ай өткен соң, ол бұрынғы сүйіктісі мен оның жаңа ғашығын сынаған композиция шығарды.
Қазіргі таңда Шакира балаларымен бірге Майамиде тұрады.
«Барселона» клубының қорғаушысы Жерар Пике кәсіби мансабын «Манчестер Юнайтедте» бастаған. Ол сондай-ақ «Реал Сарагоса» клубында жалға ойнап, 2008 жылы Каталония клубына қайта оралды және 2022 жылы футболшылық мансабын аяқтағанға дейін сонда өнер көрсетті.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!