date

Жұбайымен жерлеу рәсімінде танысқан, «Yomon qiz» хитімен жұлдыз болған Имрон 36 жаста

Жұбайымен жерлеу рәсімінде танысқан, «Yomon qiz» хитімен жұлдыз болған Имрон 36 жаста

«Yomon qiz» хиті арқылы көпшілікке танылған, тыңдармандары «махаббат әншісі» деп атайтын әнші Имрон 5 мамырда 36 жасқа толды. Осы орайда өнер иесінің өмір жолы мен шығармашылығына қысқаша шолу жасаймыз.

Шын есімі Ойбек Тохтаев болатын Имрон 1990 жылы Бұхара облысының Когон ауданында дүниеге келген. Оның айтуынша, өнерге деген сүйіспеншілік анасынан дарыған. Анасы жастық шағында сахнаға қызыққанымен, отбасылық жағдайларға байланысты бұл арманына жете алмаған. Имрон сол арманды жалғастырушы болды.

Әншінің балалық шағы оңай өтпеген. Ол 11-12 жасында отбасымен бірге жат жерде құрылыста жұмыс істеп, еңбектің ауырлығын басынан өткерген. Сондықтан ол бүгінгі жетістігінің артында үлкен сабыр мен еңбек жатқанын алға тартады.

Имрон 2008-2013 жылдары Өзбекстан мемлекеттік консерваториясында білім алған. Шығармашылығын 2008 жылдан бастағанымен, нағыз танымалдылыққа 2019 жылы шыққан «Yomon qiz» әні арқылы қол жеткізді. Бұл ән қысқа уақыт ішінде хитке айналып, әншінің атын кеңінен танытты.

Әннің тарихы да қызық. Туынды алғаш рет ирандық әнші тарапынан орындалған, ал Имрон оны қайта өңдеп, жаңа леп берді. Өлең авторы Журабек Рамазонов екені белгілі болып, ән танымал болғаннан кейін оның жақындары да алғыстарын білдірген.

Имронның актриса Дурдона Курбоновамен шығармашылық байланысы да көптеген қауесетке себеп болды. Олар бірнеше клипте бірге түсіп, тыңдармандар арасында «шынайы жұп» ретінде қабылданды. Алайда екеуі де бұл тек шығармашылық тандем екенін айтып келеді.

Әншінің жеке өмірі де тыңдармандар үшін қызықты тақырыптардың бірі. Ол 2021 жылы шаңырақ көтерді. Қызығы сол, ол болашақ жарымен жерлеу рәсімінде танысқан. Кейін екі жарым жыл күтіп, сүйген қызына үйленген.

Имронның айтуынша, ол жарын шын жүректен сүйіп, сабырмен күтіп үйленген. Қазіргі таңда өнер иесі тек шығармашылықта ғана емес, жеке өмірінде де бақытты жандардың қатарында.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Жұбайымен жерлеу рәсімінде танысқан, «Yomon qiz» хитімен жұлдыз болған Имрон 36 жаста