Әнші Насафи қызды болғанын жариялады!

Әндерімен тыңдармандардың жүрегінен орын алған әнші Насафий өміріндегі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген видеоларында қызды болғанын хабарлады.
«Қызды болдым, Әлхамдулилләһ», — деп жазды әнші.
Бұл хабар қысқа уақыт ішінде жанкүйерлердің назарын аударды. Пікірлерде өнер иесін шын жүректен құттықтап, сәбиге денсаулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілеушілер көбеюде.
Жанкүйерлер Насафийдің отбасына амандық, баласына бақытты болашақ тілеп, жылы лебіздерін білдіруде. Әншінің бұл қуанышы оның тыңдармандары үшін де жағымды жаңалық болды.
Discuss with Zamin AIAnalyze the news, get useful answers




















Пікірлер 0
…