Озода Нурсаидова жанкүйерінің балалық арманын орындап, назар аударды

Өзбек эстрадасының танымал өкілдерінің бірі Озода Нурсаидова тағы бір мәрте шынайылығымен жанкүйерлерінің ықыласына бөленді. Әлеуметтік желілерде тараған видео көпшіліктің назарын аударып, пайдаланушылар арасында жылы пікірлер тудыруда.
Видеода жанкүйерлерінің бірі Озода Нурсаидоваға жолығып, бала кездегі арманын айтады. Оның айтуынша, ол жастайынан әртіс болғысы келген, бірақ жағдайға байланысты бұл арманы орындалмаған.
«Мен жастайымнан әртіс болғым келді, жағдай болмады. Әкем де мені әртіс қыламын деген. Тек әніңізден аздап айтып берейінші», — дейді жанкүйер.
Озода Нурсаидова бұл өтінішті жерге тастамады. Әнші жанкүйерін жылы қарсы алып, онымен бірге ән шырқады. Бұл шынайы сәт айналадағыларға да, видеоны көрген жанкүйерлерге де жағымды әсер қалдырды.




















Пікірлер 0
…