Әлішер Ұзақов көзіне жас алдырған «Достық» орденімен марапатталды

Өзбекстандық актер Алишер Узаков «Дустлик» орденімен марапатталды. Өнер иесі бұл жоғары марапаттан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында өз ойымен бөлісті.
Актердің айтуынша, марапатты қабылдап жатқан сәтте балалық шағы мен шығармашылық жолы көз алдынан өткен. Ол бұл сәттердің толқу мен терең сезімге толы болғанын айтты.
«Шынымды айтсам, бүгін күн бойы толқып жүрдім. Марапатты алып жатқанда балалық шағым мен бүкіл шығармашылық жолымдағы еңбегім көз алдымнан өтті. Көзіме жас келді», — деп жазды Алишер Узаков.

Өнер иесі Президент Шавкат Мирзиёев берген бұл марапат оның жауапкершілігін одан әрі арттырғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол ата-анасына, ұстаздарына, театр және кино саласындағы әріптестеріне, режиссерлер мен шығармашылық серіктестеріне алғыс білдірді.












Пікірлер 0
…