date

Министр жас баланы құтқарған студентті марапаттады

Министр жас баланы құтқарған студентті марапаттады

Ташкент қаласының Янгихаёт ауданында қараусыз қалған жас баланы құтқарған Ташкент химия-технология институтының студенті Мухриддин Илашовты жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қоңыратбай Шарипов марапаттады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарға қарағанда, Қоңыратбай Шарипов Мухриддин Илашовқа алғыс хат пен естелік сыйлық тапсырған.

"Министр жас батырдың бұл ісі тек өзі білім алып жатқан институт үшін ғана емес, барлық жастар үшін үлгі болатынын айтып, жастардың бойында гуманизм, патриотизм және батылдық сезімдерін одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті," - делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Янгихаёт ауданында 4-қабаттың балконынан құлап кету қаупі бар баланың видеолары тараған еді.

Ташкент қалалық ІІБ хабарлауынша, баланы 5-қабатта тұратын студент жігіт құтқарып қалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Министр жас баланы құтқарған студентті марапаттады