date

Алмалықтағы жойқын жол-көлік оқиғасы: көлік екі баланы қағып кетті, біреуі қаза тапты

Алмалықтағы жойқын жол-көлік оқиғасы: көлік екі баланы қағып кетті, біреуі қаза тапты

Ташкент облысының Алмалық қаласында орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған балалардың бірі көз жұмды.

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні күндіз Әмір Темір көшесінде болғаны хабарланды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2000 жылы туған жүргізуші көлігімен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі баланы қағып кеткен.

ЖКО салдарынан 2017 жылы туған балалардың бірі алған ауыр жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Екінші зардап шегуші дәрігерлердің бақылауында емделуде.

Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әндіжан облысының Мархамат ауданында да жүк көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қаза тапқан болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Алмалықтағы жойқын жол-көлік оқиғасы: көлік екі баланы қағып кетті, біреуі қаза тапты