Бір себет жүзім 5 миллион сумға сатылды

Бір себет жүзім 5 миллион сумға сатылды

Ташкент облысында өткен «Жүзім фестивалінде» бір себет жүзім күтілгеннен әлдеқайда қымбатқа сатылды.

Паркент ауданындағы іс-шара аясында өткен аукционда «Аватар» сұрыпты жүзім 5 миллион сумға сатып алынды. Ахангаран ауданында өсірілген бұл жүзімнің бастапқы бағасы 750 мың сум болып белгіленген еді.

Сауда-саттық барысында қатысушылар арасындағы бәсекелестік нәтижесінде жүзім бағасы бірнеше есе өсіп, соңында 5 миллион сумға жетті.

Осылайша, биыл жүзімнің нарықтағы емес, аукциондағы бағасы баршаны таңғалдырды.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар