Блогер мұқтаж әйелдерді тосын сыймен қуантты

Өзбекстанда «Aziz Estet» блогері көмекке мұқтаж әйелдерді анықтау мақсатында оларды зират аумағын тазарту жұмыстарына шақырды. Алайда жұмыс соңында ол қатысушылар үшін тосын сый дайындаған.
Блогердің айтуынша, бұл бастама арқылы шынымен де көмекке зәру жандарды анықтау және оларға нақты қолдау көрсету мақсат етілген.
Зиратты тазарту жұмыстары аяқталған соң, «Aziz Estet» шараға қатысқан әйелдерге шамамен 1 миллион сумдық азық-түлік пен түрлі тауарларды, сондай-ақ ақшалай қаражат табыстады.
Сонымен қатар, ол әйелдердің балаларына 1 қыркүйек — жаңа оқу жылының басталуына орай қажетті кеңсе тауарларын да сыйға тартты.
Блогердің бұл бастамасы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қолданушылар тарапынан жылы қабылданды.




















Пікірлер 0
…