Мадридтің әйгілі “Реал” командасы Чемпиондар Лигасы аясында “Қайратқа” қарсы ойынды дайындау мақсатында Алматқа жетті. Оларға жүздеген жанкүйерлер әуежайда қарсы алды. Кейбір жанкүйерлер ұшақ қонуынан әлдеқайда бұрын жиналып үлгерген.
Команданың Instagram парақшасында олардың сау-сау жеткені туралы хабар берілді. Алайда футболшылардың жүзінен ұшудағы шаршау анық байқалды. Айту керек, әуежай аймағы полиция бақылауында болды.
Кейбір жанкүйерлер болса Реалға емес, Қазахстан туын көрсету үшін келгенін айтты. Бұл жағдай ерекше орта қалыптастырды.
Реал Мадрид құрамында болмаған футболшылар арасында: Трент Александр-Арнолд, Антонио Рюдигер, Ферлан Менди, Дани Карвахаль және Эдер Милитао бар. Олар түрлі жарақаттар себепті сапарға шықпады.
Мәлімет үшін, биылғы маусымда “Қайрат” алғаш рет Чемпиондар Лигасында қатысып жатыр және 30 қыркүйекте сағат 21:45-та “Реал Мадридке” қарсы үй ойынында алаңға шығады, деп хабарлайды Теңірі Спорт.