date

Мбаппе: "Үш гол жақсы, бірақ одан да көпін қалаймын"

Мбаппе: "Үш гол жақсы, бірақ одан да көпін қалаймын"

Еуропа Чемпиондар Лигасының 2-турының "Қайрат" - "Реал" кездесуінде мадридтік команда жарқын және сенімді ойын көрсетті. Француз жұлдызы Килиан Мбаппе кездесудің басты кейіпкеріне айналып, хет-трик жасады. Одан бөлек, Камавинга мен Браим Диас та өз есептеріне гол салды. Осы жеңістен кейін Мбаппе баспасөзге пікір білдіріп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

"Атлетикоға" қарсы жеңіліс ұмытылмады"

Француз шабуылшысына жақында Пиреней дербиінде "Атлетико Мадридке" қарсы 2:5 есебімен жеңілгені туралы сұрақ қойылды. Ол бүгінгі жеңісіне қарамастан, сол нәтижені әлі де ұмытпайтынын айтты:

"Жоқ, жоқ, жоқ. Ұмытпау керек. Бұл басқа турнир, бірақ өткен аптадағы жеңіліс туралы ойлануымыз керек және бұл қайталанбауы үшін жұмыс істеуіміз керек."

"Менің міндетім - командаға көмектесу"

Мбаппе "Реал" голдарының жартысы өзіне тиесілі деген сұраққа былай деп жауап берді:

"Менің басты міндетім - командаға көмектесу. Мен тек жеңістер мен жүлделер туралы ойлаймын. Голдар - мұның бір бөлігі, бірақ басты мақсат - команданың жетістігі."

Гюлермен қарым-қатынас туралы

Француз жұлдызы командаласы Арда Гюлер туралы да тоқталып өтті:

"Ол өте талантты және мықты футболшы. Біз оған өзінің ең жақсы ойынын көрсетуіне көмектесіп жатырмыз. Оның біздің командада болғанына өте қуаныштымыз."

"Әрқашан көп нәрсені қалаймын"

Шабуылшыдан "қанша мүмкіндікті жіберіп алдыңыз?" деп сұрағанда, ол күтілгендей жауап берді:

"Мен сияқты шабуылшыға бес мүмкіндік берілсе, оның барлығын голға айналдыруы керек. Сондықтан "Реал" менімен келісімшартқа отырды. Үш гол - жақсы, бірақ мен әрқашан көбірек алғым келеді."

Куртуа ассистенті туралы

Соңғы голдардың бірі қақпашы Тибо Куртуаның пасынан кейін соғылғаны еске алынды. Мбаппе бұл жағдай туралы былай деді:

"Ол әдейі солай берді ме, білмеймін, бірақ бұл керемет пас болды. Голдың 80 пайызын ол жасады, мен тек 20 пайызын."

Juwmaq

Осылайша, "Қайратқа" қарсы ірі жеңіс "Реалға" топта көшбасшылықты сыйлады. Ал Мбаппе командасы үшін қаншалықты маңызды тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оның тілегі қарапайым: үш голмен тоқтап қалмай, одан да көп гол соғып, "Реалға" үлкен жүлделер әкелу.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе: "Үш гол жақсы, бірақ одан да көпін қалаймын"