date

2026 жылғы ӘЧ финалының билеттері рекордтық бағада сатылуда

2026 жылғы ӘЧ финалының билеттері рекордтық бағада сатылуда

2026 жылы АҚШ футболдан Әлем чемпионатының финалдық кездесуін қабылдайды. Шешуші матчқа билеттердің бағасы жария етілді. Үлкен финал Нью-Джерсидегі әйгілі MetLife стадионында өтеді.

ФИФА дерегінше, билеттер мынадай санаттар бойынша сатылады:

1-санат — $6 730;
2-санат — $4 210;
3-санат — $2 790;
4-санат — $2 030.

Бағалар сұраныс пен жағдайға қарай өзгеруі мүмкін екені айтылды. Бұл «Бағаны өзгерту» саясаты аясында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, ФИФА жанкүйерлер үшін ресми қайта сату алаңын іске қосады. Мұнда футбол жанкүйерлері билеттерін бір-біріне еркін бағамен ұсына алады — бағаға шектеу қойылмайды.

Демек, 2026 жылғы финалды стадионнан көруді қалаған жанкүйерлер алдын ала дайындық жасауы қажет болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » 2026 жылғы ӘЧ финалының билеттері рекордтық бағада сатылуда