date

Конор Макгрегор: “Ақ үйде жекпе-жек туралы келісім жүзеге асты”

Конор Макгрегор: «Ақүйде жекпе-жек өткізу туралы келісім жүзеге асты»

Ирландиялық UFC спортшысы Конор Макгрегордың айтуынша, ол Ақүйде жекпе-жек өткізу туралы ресми келісімге қол жеткізген, деп The Independent басылымына сүйеніп Kursiv Media хабарлады.

«Іс бітті, қол қойылды, орындалды», — деді Макгрегор. Оның сөзіне қарағанда, бұл бастамаға Трамп және АҚШ әкімшілігі көмектескен. Макгрегор бұл жекпе-жек арқылы «нағыз шоу» өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ол осы жекпе-жек үшін 100 миллион доллар және 100 дана «алтын» АҚШ визасын алғысы келетінін жеткізді. Жекпе-жек 2026 жылдың жазында, АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай өткізіледі деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Конор Макгрегор: “Ақ үйде жекпе-жек туралы келісім жүзеге асты”