date

Өзбекстанда Формула-1 жарысы өтуі мүмкін

Өзбекстанда Формула-1 жарысы өтуі мүмкін

Белгілі британдық автожурналист Джо Сейвудтың жазуынша, Өзбекстан үкіметі ел аумағында Формула-1 жарысының бір кезеңін өткізуді қарастырып жатыр.

Мәліметтерге қарағанда, Өзбекстан өкілі жақында Сингапур Гран-приі кезінде шабандоздар базасында кездесу өткізген және дәл осы жерде Ташкент немесе басқа қалада жарысты ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланған.

Қазіргі уақытта Формула-1 кезеңдері Азия мен Таяу Шығыстағы сегіз елде - Бахрейн, Қытай, Жапония, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Сингапур, Катар және БАӘ-де өткізіледі. Егер Өзбекстан осы тізімге қосылса, бұл елдің халықаралық автоспорттағы беделін арттыруы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Өзбекстанда Формула-1 жарысы өтуі мүмкін