date

Пау Кубарси: «Мбаппенің жылдамдығы ешкімге ұқсамайды»

Пау Кубарси: «Мбаппенің жылдамдығы ешкімге ұқсамайды»

«Барселонаның» жас және үміт күттіретін қорғаушысы Пау Кубарси Испания футболындағы ең қызықты сұрақтардың біріне жауап берді — «Реалдың» қай жұлдызына қарсы ойнау қиын екенін айтты.

Оған Мбаппе мен Беллингемнің қайсысы көбірек қиындық туғызатыны сұралды.

– Екеуіне қарсы ойнау да оңай емес. Мбаппе өте жылдам, алаң бойымен үнемі қозғалып, шабуылда қауіп төндіреді. Беллингем болса, керісінше, күтпеген жерден, арттан не орталықтан шабуылға қосылады. Менің ойымша, Мбаппе жылдамдығы мен реакциясының арқасында қауіптілеу. Ол допқа тисе, бірден гол соғу мүмкіндігіне ие, – деді Пау Кубарси.

Жас қорғаушы Мбаппеге қарсы әр минут үлкен сынақ екенін мойындады. Беллингем болса, позициялық ойынымен тұрақты назар талап етеді.

Футбол жанкүйерлері енді Эль-Класикода осы екі жұлдыз бен Кубарсидің кездесуін асыға күтуде.

Мәлімет үшін, жаңа маусымдағы алғашқы “Барселона” – “Реал Мадрид” кездесуі 26 қазанда Мадридтегі “Сантьяго Бернабеу” стадионында өтеді. Бұл ойын Ла Лиганың 10-турына сәйкес келеді және чемпиондық жарыста маңызды рөл атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Пау Кубарси: «Мбаппенің жылдамдығы ешкімге ұқсамайды»