date

"Барсаның" жас жұлдызы Ямалдың қолтаңбасын сатуды жоспарлап отыр

"Барсаның" жас жұлдызы Ямалдың қолтаңбасын сатуды жоспарлап отыр

Испания құрамасы мен "Барселонаның" ең жас жұлдыздарының бірі Ламин Ямал жанкүйерлер арасында шу шығарған шешім қабылдады. Енді ол әдеттегідей қолтаңба таратуды тоқтатып, тек арнайы коммерциялық платформа арқылы өз қолтаңбасын сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы хабарлады.

Дереккөздердің хабарлауынша, Ямалдың жарнама және маркетинг қызметін басқаратын агенттік оған жаңа коммерциялық стратегия ұсынған. Спортшылардың қол қойылған киімдерін, бутсилерін және басқа да атрибуттарын сатумен айналысатын компания футболшыға ресми келісімшарт ұсынған.

Сондықтан, Ямал әзірге жанкүйерлердің алдында қол қоюды тоқтатқан, бірақ олармен суретке түсуді жалғастыруда. "Барселона" клубы бұл шешімді табиғи жағдай ретінде қабылдап, футболшының бренд құны одан әрі артуы мүмкін екенін атап өтті.

Клуб басшыларының айтуынша, қазір Ямал команда аясында белгілі бір мөлшерде қол қоюға рұқсат беру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Оның қолтаңбасы базарда өте аз болғандықтан, бұл коллекционерлер үшін қымбат болып келеді.

Келісімшартқа әлі ресми түрде қол қойылмаса да, екі тарап та келісімді аяқтауға ниетті екені айтылды. Мұндай маркетинг әдісі АҚШ-та, әсіресе NBA жұлдыздары арасында кең таралған, ол спортшылардың қолтаңбалары мен жеке брендтерін материалдық құндылыққа айналдырады.

"Барселона" басшылығы Ямалдың шешімін қолдап, оны клуб академиясының мақтанышы ретінде көреді. Олар жас футболшының үлкен әлеуетін, нарықтағы коммерциялық құндылығы мен имиджін сақтау маңызды екенін атап өтті.

Ақпарат үшін, Ламин Ямал бүгінде Adidas, Beats, Powerade, Oppo, Konami және Nesquik сияқты ірі халықаралық брендтердің ресми өкілі болып саналады. Ол сондай-ақ ЮНИСЕФ елшісі болып табылады.

Жанкүйерлер үшін бұл шешім біртүрлі көрінгенімен, мамандардың пікірінше, бұл заманауи спорт индустриясындағы табиғи бағыт - жұлдыздар тек алаңда ғана емес, нарықта да өз брендін басқаруды үйренуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Барсаның" жас жұлдызы Ямалдың қолтаңбасын сатуды жоспарлап отыр