date

Алонсо "Эль Класико" алдында "Барсаның" осал тұсын тапты ма...

Алонсо "Эль Класико" алдында "Барсаның" осал тұсын тапты ма...

"Реал Мадрид" бас бапкері Хаби Алонсо "Эль Класико" алдында қарсылас команда - "Барселонаның" тактикалық кемшіліктерін терең талдап жатыр, деп хабарлады Defensa Central.

Дереккөздерге қарағанда, Алонсо каталондықтар сапындағы жас және талантты футболшы Ламин Ямалдың қорғаныстағы белсенділігінің жеткіліксіздігін "Барселонаның" басты осал жері ретінде көреді.

Бапкердің команда жиналысында былай дегені айтылады:

"Біз шабуылды дәл сол қанаттан бастауымыз керек. Жамал шабуылда қауіпті, бірақ ол артқа қайтпайды. Осы жерден біз қарсыласқа үлкен зиян келтіруіміз мүмкін," - деді Алонсо.

Алонсоның айтуынша, Винисиус Жуниор мен Альваро Каррерас Ямалдың қорғанысқа оралмауын пайдаланып, "Барселонаның" оң қапталын қысымға алуы мүмкін. Сонымен қатар, орталық шабуылшы Килиан Мбаппе де сол қанатқа ауысып, Жул Кунде позициясына қысымды күшейтуі жоспарланған.

Тактикалық жоспарға сәйкес, "Реал Мадрид" шабуылдарда қанат арқылы қарсыластың қорғанысын кеңейтуді және жылдам пастар арқылы бос аймақтарды пайдалануды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда "Барселона" "Реалдан" басым түсіп, төрт рет жеңіске жетіп, жалпы есебі 16:7 болған еді. Ханси Фликтің жетекшілігімен каталондық клуб Испания кубогы, Суперкубок және Ла Лигада шыңға шықты.

Бұл жолғы "Эль Класико" дәстүрлі бәсекелестік тұрғысынан ғана емес, тактикалық қақтығыс тұрғысынан да қызықты болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, "Манчестер Юнайтедтен" жалға алынған Маркус Рэшфорд үшін де бұл алғашқы "Эль Класико" болмақ. 26 жастағы ағылшын шабуылшысы биылғы маусымда "Барселона" сапында 11 ойында 3 гол және 5 нәтижелі паспен өз үлесін қосты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Алонсо "Эль Класико" алдында "Барсаның" осал тұсын тапты ма...