date

"Формула-1"-дің келесі кезеңінің жеңімпазы анықталды

"Формула-1"-дің келесі кезеңінің жеңімпазы анықталды

"Формула-1"-дің келесі кезеңі - АҚШ Гран-приі 19 октябрь күні Остин қаласында өтті. Онда "Red Bull" командасының көшбасшысы, Нидерландылық Макс Ферстаппен поул-позициядан старт алып, сенімді түрде мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті, деп хабарлады "Моторспорт."

Ферстаппен өткен аптадағы спринт жарысында да жеңіске жетіп, бұл жолы да өзіндік басымдық танытты. Жарыс барысында қарсыластарын ізіне де түсірмей, маусымдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Екінші орын үшін "Макларен" жүргізушісі Ландо Норрис пен "Феррари" пилоты Шарль Леклер арасында кескілескен тартыс болды. Норрис қарсыласын екі рет артта қалдырып, мәре сызығына екінші болып жетті. "Феррари" жүргізушісі Леклер үшінші болды.

Жарыс нәтижесі бойынша:

1.Макс Ферстаппен ("Red Bull") - 56 айналым

2. Ландо Норрис ("Макларен") +7,959

3. Шарль Леклер ("Феррари") +15,373

4.Льюис Хэмилтон ("Феррари") +28,536

5.Оскар Пиастри ("Макларен") +29,678

6.Жорж Расселл (Мерседес) +33,456

7.Юки Сунода (Red Bull) +52,714

8.Нико Хюлькенберг (Заубер) +57,249

9. Оливер Бермен (Хаас) +1:04,722

10.Фернандо Алонсо (Астон Мартин) +1:10,001

Осылайша, Ферстаппен маусымдағы көшбасшылығын одан әрі нығайтып, чемпиондыққа негізгі үміткер ретінде өз орнын сақтап қалды.

Ақпарат үшін, "Формула-1" маусымындағы келесі кезең - Мексика Гран-приі, ол 27 октябрь күні Мехико қаласында өтеді. Онда командалар чемпионаттың тағдырын шешетін ұпайлар үшін күресті жалғастырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Формула-1"-дің келесі кезеңінің жеңімпазы анықталды