date

Наингголан Португалия бапкерін сынады

Наингголан Португалия бапкерін сынға алды
Танымал футболшы Раджа Наингголан Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинесті сынға aldı. Бұған дейін Мартинес Бельгия құрамасын басқарған болатын.

"Роберто Мартинес әлсіз бапкер. Жақсы бапкер командаға өзінің ерекше идеяларын бере алады.

Мартинес басшылығымен Бельгия құрамасында ешқандай идея болған жоқ. Бізде өз стиліміз, ойнаған комбинацияларымыз және айып алаңындағы нәтижелі шабуылдарымыз болмаған.

Егер бізде жақсырақ бапкер болғанда, Бельгия құрамасы жүлделер ұтып алуы мүмкін еді", - деді Наингголан Het Nieuwsblad басылымына. Еске сала кетейік, Роберто Мартинес басшылығында Бельгия құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Наингголан Португалия бапкерін сынады